Лфк «Нұр Ғасыр» командасы халықаралық «Yeleu cup» турнирінде топ жарды 2669

Лфк «Нұр Ғасыр» командасы халықаралық «Yeleu cup» турнирінде топ жарды

21 сәуір 2023 743 Оқу 1 минут

2021 жылы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітін жанынан құрылған Лфк «НұрҒасыр» командасы Астана қаласында футзалдан ең үздік командалардың қатысуымен өтетін халықаралық «Yeleu cup» турниріне алғаш рет Ақтөбе облысы атынан қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтсақ топтың кезеңде турнирдің дәл қәзіргі чемпионы «Макушино» командасын 6-1 есебімен ұтып бір кішігірім сенсация жасаса, плей-оффтың 1/8 кезеңінде профисионал ойыншылармен жасақталған Тчэ командасын ұтып, 1/4 кезеңде Қырғызстанның суперлига чемпионы бразилиялық легионерлермен келген Дастан командасына есе жіберді.

Алғаш рет қатысқан турнирде осындай жақсы жетістікке жеткін жергілікті мешіт жамағаты жігіттеріне алғыс айтып, алдағы турнирлерде сәттілік тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі