«Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 20 отбасыға азық-түлік қоржыны табысталды 6487

«Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 20 отбасыға азық-түлік қоржыны табысталды

02 шілде 2026 31 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік қоржындары үлестірілді.

Шара барысында жамағатқа қайырымдылықтың маңызы, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – сауапты амалдардың бірі екені айтылды. Алла Тағала Құранда: «Жақсылық пен тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер» («Мәида» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім бір мұсылманның дүниедегі бір қиыншылығын жеңілдетсе, Алла оның Қиямет күніндегі бір қиыншылығын жеңілдетеді» (Мүслім) деген.

Игі шара аясында мешіттің әлеуметтік тізімінде тұрған 20 отбасыға жалпы салмағы жарты тоннадан астам азық-түлік өнімдері таратылды. Қоржындарға күнделікті қажетті азық-түлік түрлері енгізіліп, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетілді.

Шара барысында ҚМДБ-ның негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық және әлеуметтік қолдау жұмыстары екені атап өтіліп, игі іске үлес қосқан демеушілерге Алла разы болсын деген ізгі тілек білдірілді. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.