ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: «MUFTIYAT» БАСПАСЫ 23 КІТАП ШЫҒАРДЫ 2333

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: «MUFTIYAT» БАСПАСЫ 23 КІТАП ШЫҒАРДЫ

01 қаңтар 2023 122 Оқу 1 минут

Діни басқармаға қарасты «MUFTIYAT» баспасы 2022 жылы 116 000 тиражбен 23 кітап шығарды. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы баяндады.

«ҚМДБ Төрағасының жетекшілігімен «MUFTIYAT» баспасынан «Қазақстандағы Ислам тарихы», «Халал – шариғат талабы», «Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі», «Ислам әдептерінің энциклепедиясы», «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» сынды 23 кітап жарыққа шықты. Аталмыш кітаптардың танытымына қатысқан зиялы қауым өкілдері бұл туындыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жамағат та оң бағасын берді» деп атап өтті Мұрат Манапұлы.

Сондай-ақ баспа директоры Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған үлкен ғылыми жоба «Ислам энциклопедиясы» бойынша материалдар жинақталып, өңделіп баспаға әзірленіп жатқанын тілге тиек етті. Ауқымды ғылыми жобаны әзірлеуге 70-ке жуық дін маманы, ғалым-ұстаздар атсалысуда.