Алға: Мәуліт туралы сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды 2202

Алға: Мәуліт туралы сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды

22 қазан 2022 93 Оқу 1 минут

Алға аудандық мешітінде ауданның Бас имамы Әбдіуахит Әбдірасуловтың ұйымдастыруымен  Мәуліт айының құрметіне орай  "Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі жайлы не білеміз?" тақырыбында сұрақ-жауап айдары өтті. 

Жиналған 250-ге жуық жамағатқа ардақты Пайғарымыздың (с.ғ.с) ғұмыр жолы туралы сауалдар қойылып,  белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға бас имам "Адамзаттың асыл тәжі" кітабын табыстады.  

Шара қортындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, игі дәстүр жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді. 

Ақтөбе облыстық орталық  "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі