Ақтөбеде «Білімді мыңды жығады» атты  зияткерлік сайыс өтті 4989

Ақтөбеде «Білімді мыңды жығады» атты зияткерлік сайыс өтті

07 қараша 2025 162 Оқу 1 минут

 «Ислам және отбасы» жылы аясында Ақтөбе қаласының мешіт жамағаты арасында «Білімді мыңды жығады» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. 

Доданы Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастардың діни және рухани сауатын арттыру, сондай-ақ жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлікті күшейту.

Сайыс барысында отбасына қатысты діни-танымдық сұрақтар қойылып, қатысушылар білімдері мен шеберліктерін ортаға салды. Әр мешіт жамағаты өзара бақ сынасып, отбасы тақырыбындағы түрлі бөлімдер бойынша жарысты.

Қатысушыларға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Қанат Қасымов, “Сүлеймен ата” мешітінің ұстазы Қайрат Дәрменов және “Бақытжан” мешітінің ұстазы Еламан Кәрім төрелік етті.

Әділқазылардың бағалау нәтижесі бойынша 1 орынды “Досжан хазірет” мешіті (50 мың теңге), 2 орынжы “Қайырқожа” мешіті (30 мың теңге), 3 орын “Қабақ баба” мешіті (20 мың теңге) иеленді.

Шара соңында ұстаздар отбасы құндылығы – қоғамның тірегі екенін атап өтіп, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Иманды ұрпақ тәрбиелеу, ата-анаға құрмет, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық – Ислам дінінің басты ұстанымдарының бірі. Сол себепті осы бағыттағы жұмыстар жамағат арасында жиі ұйымдастырылатын мәлімдеді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі