«Мұнара» тілшісі семинарға қатысты 3789

«Мұнара» тілшісі семинарға қатысты

05 қазан 2024 240 Оқу 1 минут

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен өткен «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» атты семинар-тренингке «Мұнара» арнасының тілшісі Ақтолқын Орысбайқызы қатысты.

Семинарда «Интернеттегі алаяқтық. Алдын алу жолдары», «Іскерлік журналистика: ашық дереккөздермен жұмыс», «АІ: инфографика, постер, презентация», «YouTube: рейтинг және монетизация»  тақырыптары қамтылды.

Сонымен қатар практикалық жұмыс негізінде жеке және топпен тәжірибелік жұмыс болды.

Семинар-тренинг қорытындысында қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Шара серіктестігі: HALYK BANK.

Айта кетсек, 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Қордың жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мектебі, Медиа тренерлер мектебі ашылған. Басты мақсаты – қазақ тілінде хабар тарататын БАҚ өкілдерінің кәсіби білігін арттыру.

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі