Мешіт жамағатымен табиғатта бас қосу өтті 3480

Мешіт жамағатымен табиғатта бас қосу өтті

07 тамыз 2024 930 Оқу 1 минут

Қабақ баба мешітінің жамағаты арасында "Дін және дәстүр құндылығы "атты табиғат аясында басқосу шарасы өтті.

Шара Қабақ баба мешітінің бас имамы Дүйсеев Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен және мешіт жамағаттарының қолдауымен жүзеге асырылды. 

Шараның мақсаты- ауыз біршілікті арттыру, ынтымақтастықты нығайту, бауырмашылдық қатынастарын күшейту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Су жағасында өткізілген шара барысында спорттық ойындар ойналды. Табиғат аясында  ақ дастархан жайылып, Дүйсеев Нұрлыбек жамағаттардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Шараның қызықты әрі әсерлі өтуіне атсалысқан қабақ баба мешітінің белсенді жамағаттарына алғыс айтып, қызметтеріне сансыз сауаптар,кәсіптеріне береке берсін дейміз.