Шалқар: Қарттарым – асыл қазынам 2977

Шалқар: Қарттарым – асыл қазынам

10 қазан 2023 83 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен қарттар күнінің құрметіне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты дөңгелек үстел өтті. 

Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесінде өткен іс-шараны ауданның Бас имамы Абзал Медетбеков ашып беріп, қазыналы қарияларымызды келіп жеткен атаулы мерекемесімен құттықтады.

Мерекелік кеш берекелі дастарханға жалғасын тапты. Дастархан басында қасиетті Құран аяттары оқылып, қарияларымыз үшін дұға жасалды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі