«Мұнара»: Әділбек Сарин «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді 6588

«Мұнара»: Әділбек Сарин «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді

27 шілде 2026 28 Оқу 1 минут

Жырау, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин республикалық «Мұнара» телеарнасында қонақ болып, «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарлама барысында автор жақында ғана жарық көрген «Пайғамбарлар жыры» атты жаңа кітабының шығу тарихы, өзге еңбектерден артықшылығы, қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар бұл еңбек «Пайғамбар жыры» атты кітаптан бастау алғандығында айтты.

«Жұмадағы жүздесу» бағдарламасын әр жұма күні яғни  сағат 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай! «Мұнара» телеарнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арна.

Ютубтан көру үшін сілтеме: https://www.youtube.com/@munaratv

Айта кетсек, Қасиетті Рамазан айында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің мұрындық болуымен, «Ер Едіге» жыр мектебі мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Шабыт» бизнес орталығында Әділбек Саринің «Пайғамбар жыры» атты елімізде алғаш рет ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), өмірбаяны жыр үлгісінде жазылған еңбектің танытымы өтті.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі