РАНТ мүшесі Бекзат Азатбекұлы Шалқар ауданына барды 6587

РАНТ мүшесі Бекзат Азатбекұлы Шалқар ауданына барды

27 шілде 2026 29 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Азатбекұлы 2 күндік іссапармен Шалқар ауданына барды.

ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Шалқар ауданына арнайы шақыртумен келген РАНТ мүшесі Бекзат Азатбекұлы ауданның бас имамы Абзал Медетбековпен кездесіп, өңірдегі діни ахуалмен және мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Іссапардың алғашқы күні Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ауласында бейсенбілік дастарқан жайылып, жамағатпен «Бірлігі жарасқан жамағат» басқосуы өтті. Игі шара аясында Бекзат Азатбекұлы «Тәубенің түрлері және шарттары» тақырыбын кеңірек баяндады.

Ал екінші күні Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде «Тәуекел сыры тұңғиық» тақырыбында жұма насихатын айтты.

«Тәуекел дегеніміз – себептерін жасаған соң барлық істі Аллаға тапсырып, кез келген жағдайда бір Аллаға ғана арқа сүйеу. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Егер қандай да бір іске бел бусаң, бір Аллаға тәуекел ет. Шүбәсіз, Алла тәуекелшіл құлдарын жақсы көреді», – деп ескертеді», – деп, тәуекелдің мұсылман өміріндегі маңызына тоқталды.

Сонымен қатар Шалқар қаласындағы «Тәубе» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатпен жүздесіп, «Бидғаттың түрлері», «Рәміздерге құрмет», «Көркем мінез» тақырыптарын жіті талдады. Кездесу қортындысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Айта кетейік, РАНТ мүшесі 2 күндік іссапары барысында 3 уағыз-насихат айтып, оған жалпы 270 адам қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі