Облыстың Бас имамы 2026 жылдың алғашқы жұма намазын жүргізді 5805

Облыстың Бас имамы 2026 жылдың алғашқы жұма намазын жүргізді

01 қаңтар 2026 183 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде 2026 жылдың алғашқы жұма намазын жүргізді.

Облыстың Бас имамы жұма құтпасында жамағатты тәртіп пен ізгілікке үндеп, қоғамдағы бейбіт өмір мен берекенің негізі жауапкершілік пен өзара сыйластықта екендіне тоқталды.

Амантай Садиев «Жазушы Мұхтар Әуезовтің: «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек» деуінде үлкен мән-мағына бар. Тәртіп бұзылған жерде «бүлік» басталады. Ал бүлік – берекенің қас жауы. Күн мен Айдың тәртібінің бұзылуы – физикалық әлемнің соңы болса, адамдар арасындағы тәртіптің бұзылуы – адамгершілік пен берекенің тоқтауы деген сөз» деп мысал келтіріп, «Тәртіпсіздік — бүлікке, тәртіп берекеге бастайды» тақырыбында насихатын айтты.

Жұма намазынан кейін облыстың Бас имамы жамағатпен бірге дұға жасап, Алла Тағаладан 2026 жыл хайырлы болуын, еліміз бен жеріміздің тыныштығын, амандығын тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі