МҮФТИЯТ CALL ОРТАЛЫҒЫ ТЕГІН 1511 ҚЫСҚА НӨМІРІН ІСКЕ ҚОСТЫ
Енді діни сұрақтарға жауап алу бұрынғыдан да оңай. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы азаматтарға жедел әрі қолжетімді ақпарат беру мақсатында ҚМДБ Call орталығының жаңа тегін 1511 қысқа нөмірін іске қосты.
Бүгіннен бастап кез келген азамат 1511 нөміріне қоңырау шалып, діни мәселелер бойынша өзіне қажетті мәліметті тікелей білікті мамандардан ала алады.
Қазіргі таңда 1511 қысқа нөмірі арқылы Kcell, Activ, Beeline және Қазақтелеком байланыс операторларының абоненттері тегін хабарласа алады.
Ал Tele2 және Altel желілерін пайдаланатын азаматтар үшін қосымша байланыс нөмірі ұсынылады:
📞 +7 707 233 30 30
Аталған бастама қоғамға ресми әрі сенімді ақпарат көзін ұсынуға бағытталған. Мүфтият алдағы уақытта да қоғаммен байланысты нығайтуға бағытталған қызметтерді жүйелі түрде дамыта бермек.





































