ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН СҰХБАТТАСТЫ 1729

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

19 мамыр 2022 28 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазан қаласында басталған «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» ХІІІ халықаралық экономикалық саммит аясында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен сұхбаттасты.

Сұхбат барысында Бас мүфти халықаралық іс-шараны ұйымдастырған және қазақстандық делегация үшін арнайы шақыру жіберген Татарстан басшысына алғысы мен ризашылық ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Бас мүфти бастаған қазақстандық делегация «RUSSIA HALAL EXPO 2022» халықаралық көрмесін тамашалады.