Хромтауда әйел жамағатына ауызашар берілді 1588

Хромтауда әйел жамағатына ауызашар берілді

26 сәуір 2022 324 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтановтың ұйымдастыруымен 200-ге жуық әйел жамағатына ауызашар берілді.

Сауабы мол игі басқосуға ауданның Бас имамының шақыртуымен Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Қошқарова мен журналист, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова қатысып, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар сектор жетекшісі Қадір түні туралы уағыз-насихат айтып, аталған тақырып аясында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Белсенді қатысушыларға "Рамазан сыйы" ретінде  кітаптар тарту етілді.

Одан өзге шара қортындысында әйел жамағатына «Ораза тағлымы» мен «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітаптары үлестірілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі