«Технолинк» ЖШС-нің басшысына бас имам алғыс жариялады 1300

«Технолинк» ЖШС-нің басшысына бас имам алғыс жариялады

14 ақпан 2022 97 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы «Технолинк» ЖШС-нің басшысы Музика Максимді алғыс хатпен марапаттады. 

Аталған мекеме Ақтөбе өңіріндегі инженерлік салада бірнеше жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан мекеме.

Қалалық орталық мешітінің жылу мәселесін он жылға жуық уақыт аралығында оңтайлы шешілуіне көрсетіп келе жатқан қызметтері орасан зор.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаевтың мекеме басшысы Максим Петровичке арнайы сый-сияпатын қалалық орталық мешітінің ұстазы Рүстембек Аманғосов пен мешіттің жылу жүйесіне жауапты қызметкері Сүндетқұлов Қадырқұлов жеткізіп, ұжымның жұмысына береке мен толассыз табыстар тілейтінін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі