Ақтөбе:  IV республикалық медресеаралық олимпиаданың  жеңімпаздары анықталды 1473

Ақтөбе: IV республикалық медресеаралық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

29 наурыз 2022 260 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімі мен Ақтөбе медресе-колледжінің ұйымдастыруымен IV республикалық медресеаралық араб тілі және фиқһ пәндерінен олимпиада өтіп, жүзден жүйрік жеңімпаздар анықталды. Оған еліміздегі 9 медресе-колледждің шәкірттері қатысты. 

Екі күнге созылған білім додасында қатысушалардың білімін сараптаған әділқазы мүшелерінің құрамында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, осы бөлімнің маманы Жаңабай Қожин, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Еркебұлан Нүсіпбаев болды.

Әділқазы алқасының төрағасы Серікбол Аршабаев: «Білім ошағынан табылу – бақытты ортадан, Алланың жарылқауына іліккен топтан табылу» деп олимпиаданың маңыздылығы – студенттердің білімін шыңдау дей келе, биылғы IV республикалық медресеаралық олимпиаданың ерекшелігі – 2 кезеңде араб тілінде өткендігін айтты.

Олимпиаданың 1-ші кезеңінде қатысушылар араб тілінен тест тапсырса, 2-ші кезеңінде араб тілінде берілген тақырып аясында әңгімелесіп, жазбааша эссе тапсырды. Одан өзге берілген діни мәтінді оқып, оны түсіндіріп берді.

Білім додасының жеңімпаздарын марапаттау сәтінде ұйымдастырушылар тарапынан олимпиаданың өтуіне атсалысқан Ақтөбе медресе колледжнің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлына алғысын білдірді.


АРАБ ТІЛІ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

 I орын – Рахметуллин Темірлан \ Сарыағаш медресе колледжі (2 курс) 

І орын – Тасболат Қасиет \Шымкент медресе колледжі (3 курс) 

ІІ орын Ержанбек Мадияр \ Һибатула Тарази медресе колледжі (2 курс) 

ІІ орын – Мыңбаев Жалғас \Ақтөбе медресе колледжі (3 курс) 

ІІІ орын – Сатылған Бекжан \Үшқоңыр медресе колледжі (2 курс) 

ІІІ орын – Ертуғанов Сүйеніш \Үшқоңыр медресе колледжі (3 курс)

 

ФИҚҺ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

 І орын – Махмуд Диас \ Үшқоңыр медресе колледжі (2 курс)

І орын  Марданов Ерлан \ Ақтөбе медресе колледжі (3 курс

ІІ орын – Қурманалиев Асқар \ Ақтөбе медресе колледжі (2 курс) 

ІІ орын – Әбдіхалық Санат \Сарыағаш медресе колледжі (3 курс) 

ІІ орын – Толтай Айдос \ Астана медресе колледжі (3 курс )

ІІІ орын – Өтеген Назарбай \ Астана медресе колледжі (2 курс 

ІІІ орын – Жеңісұлы Кенжебек \Әбу Ханифа медресе колледжі (3 курс) 

ІІІ орын – Садыков Ақжол \ Үшқоңыр медресе колледжі (3 курс)  

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі