Мешіт жамағаты волейболдан сайысты
Әл-Ләтиф мешітінің имамы Аманғосұлы Рүстембектің ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының қолдауымен бірлігі жарасқан, ұйымшыл жамағат қалыптастыру мақсатында әр аптаның сенбі күні кешкі уақытта волейбол ойыны ұйымдастырылып өткізіледі.
Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту, өзара сыйластық пен татулықты арттыру, сондай-ақ спортқа көңіл бөлу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл іс-шара жамағат мүшелерінің бос уақытын тиімді өткізуіне және өзара қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған.








































