НЬЮ-ЙОРКТЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1847

НЬЮ-ЙОРКТЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

01 шілде 2022 148 Оқу 1 минут

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды.

Нью-Йорк қаласының мэриясында өткен «Нью-Йорк Қазақстанды қошеметтейді: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі» дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның Вашингтондағы елшісі Ержан Ашықбаев, Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Этникалық өзара түсіністік қорының Президенті раввин Марк Шнайер, Нью-Йорк қаласы мэриясының, діни бірлестіктердің, ғылыми орта мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында тараптар ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың практикалық жолдарын талқылады.Іс-шара соңында Нұрбек Әуесханұлы дөңгелек үстелді ұйымдастырғандары үшін Ержан Ашықбаев пен раввин Марк Шнайерге алғыс білдірді.