Ақтөбеде “Қысқы спорт – салауатты өмір кепілі” атты спорттық шара өтті 5817

Ақтөбеде “Қысқы спорт – салауатты өмір кепілі” атты спорттық шара өтті

14 қаңтар 2026 106 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық «әйел-қыздар» секторының бастамасымен, «Шырайлым» қыз-келіншектер клубының белсенділері балалар қысқы каникулдарын қызықты өткізуіне  өз үлестерін қосып, «Қысқы спорт – салауатты өмір кепілі» атты спорттық шара өткізді

Шара Ақтөбе қаласындағы триатлон паркінің мұз айдынында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – аналар мен балаларды ұялы телефонға тәуелдіктен арылтып, салауатты өмір салтына баулу, қысқы спорт түрлерін насихаттау және отбасылық құндылықтарды нығайту.

Шара барысында балалар мұз айдынында сырғанап, түрлі спорттық ойындар мен командалық жарыстарға белсене қатысты. Қатысушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, барлық белсенділіктер қауіпсіздік талаптарына сай өткізілді.

Қысқы спорттық шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, аналар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттық сезімі байқалды. Шара соңында барлық қатысушыларға тәттілер таратылып, ал жарыста үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз командаларға арнайы сыйлықтар табысталды. Шараға 30 дан астам адам қатысты.

Аталған іс-шара қоғамда спортқа деген қызығушылықты арттырып, аналар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосты.