БАС МҮФТИ SAUDI ARABIAN ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТ 1704

БАС МҮФТИ SAUDI ARABIAN ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТ

19 мамыр 2022 96 Оқу 1 минут

Биылғы қажылық мәселелеріне қатысты бірқатар кездесулер жалғасуда. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабия Корольдігінің Жидда қаласында Saudi arabian әуе компаниясының Қажылық және ұмра бойынша сату менеджері Әмір Алғаидимен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында негізгі көтерілген тақырып – қажылық маусымында екі ел арасындағы әуе байланысын қалыптастыру. Бас мүфтидің бұл ұсынысын қабыл алған компания басшылығы ниетті екендіктерін білдіріп, екі араға кесте де жасалғанын жеткізді. Дегенмен биылғы қажылық маусымының кеш ашылуына байланысты ресми құжаттарды өткізуге үлгермегенін айтты.

Әмір Алғаиди мырзаның сөзінше, баға мәселесіне екі ел арасында рейстерді көбейту арқылы ықпал етуге болады. Бұл ретте аталған компания алдағы уақытта Қазақстанмен арадағы жолаушыларды тасымалдау бойынша нақты қадамдарды бастамақ.