ДІНИ ОҢАЛТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ
Астана қаласында өтіп жатқан республикалық семинар аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлының «Таухид – бір бүтін сенім» атты еңбегінің танытымы өтті. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бұл кітап ҚМДБ-ның «Muftyat» баспасынан басылып шықты.
Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, еңбектің қоғамдағы маңызына тоқталды.
«Таухид – исламның өзегі. Мұндай еңбектер имани құндылықтарды дәріптеп, қоғамда бірлік пен рухани тұтастықты нығайтуға қызмет етеді», – деді Бас мүфти.
Айта кетейік, жаңа кітап дін қызметкерлеріне, дінтанушыларға және жалпы оқырман қауымға арналған.





































