Хромтау: «Ізгі қоғам» тақырыбында кездесу өтті 2844

Хромтау: «Ізгі қоғам» тақырыбында кездесу өтті

18 шілде 2023 531 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов Хромтау аудандық кітапхана ұжымына «Дін және ізгі қоғам» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауданның Бас имамы кітапхана ұжымына ислам діні, оның рухани құндылықтары, дін мен дәстүр сабақтастығы туралы толығырақ айтып берді.

Әңгімелесу форматында өткен кездесуде діни және құқықтық сауаттылық мәселелер, радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында сұрақ-жауап негізінде талқыланды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі