Ауданның Бас имамы Сарыжарға барды
Мәртөк ауданының Бас имамы Нұрберген Қазенов Сарыжар ауылдық мешітіне арнайы іс сапармен барды.
Сапар барысында ауданның бас имамы жергілікті мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз-насихат пен қайырымдылық шараларын жандандыру жөнінде ауыл имамы Айбек Қойшыбаевқа бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ қысқы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Сарыжар ауылдық мешіті газбен жылыту жүйесіне қосылған.
Одан өзге мешітте жұма намазын өткізіп «Ұрпақ тәрбилеуде ұстаздың орны» тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жамағат арнайы сапармен келген бас имамға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































