Мешіт айналасы абаттандырылд 5640

Мешіт айналасы абаттандырылд

06 қазан 2025 2 Оқу 1 минут

Ақтөбеде «Нұр Ғасыр» мешітінің айналасы абаттандырылып жатыр. Кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтар мешіт ауласына тал егіп, жаяу жүргіншілер жолын қайта төседі. Ескірген жарықшамдары алынып, оның орнына демеушілердің көмегімен заманауи, сапалы жарықшамдары бар 30 электр бағаны орнатылып жатыр.

— Қазіргі таңда мешіт аумағына 32 түп шаған және қылқан жапырақты, мойыл ағашының көшеттері егілді. Мешіт алаңындағы орындықтардың да әбден тозығы жеткен болатын, олардың орнына жаңасы қойылды. Бұның барлығы демеушілердің көмегімен жасалып жатыр. Қаланы абаттандыруға үлес қосу туралы ұсынысты қабыл алған кәсіпкерлерге алғыс айтамын,— деді қала әкімі Азамат Бекет.

Алдағы уақытта мешіт жамағаты алаңда сенбілік өткізеді. Күл-қоқысты тазартады.

Айта кетейік, қаладағы 70-тен астам саябақ пен гүлзардың басым бөлігі биыл қайта жаңарған болатын. Оның ішінде қараусыз қалған гүлзарлар да бар.

Өз тілшіміз.

Ақтөбе газеті