«Мені өзгерткен Құран» атты рухаи кеш ұйымдастырылды 2544

«Мені өзгерткен Құран» атты рухаи кеш ұйымдастырылды

13 наурыз 2023 300 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылындағы «Бақытжан» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – діни оқу-ағарту негізінде  «Мені өзгерткен Құран» атты мерекелік рухани кеш ұйымдастырылып, 38 шәкірт Құранға түсіп, тәж киді. 

Рамазан айы қарсаңында Құранға махаббатын арттыру мақсатында өткен ізгі шарада шәкірттер өлеңдер оқып, ғибратқа толы көрініс қойды. Ал кештің тосын сыйы ретінде ұстазы Анар Қойшығұловаға Айжан Болатқызы мен Айдана Серікбайқызы авторлық арнаған өлеңін жамағат алдында оқыды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған сәлемі мен берекеті болсын): «Сендердің жақсыларың – Құранды үйреніп және үйреткендерің»-дегенді қағида еткен кешке Ақтөбе «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұстазы Баян Мустахап және әйел жамағаты қатысты.

Ұстаз Анар Түгелбайқызы Құран оқудың артықшылықтары мен сауаптары, оқылған Құранға сай амал амал ету туралы, ал сектор жетекшісі Аллаға, Құранға деген махаббат туралы насихат айтса, Қобда аудандық мешітінің ұстазы Құранға түскен шәкірттерді құттықтады.

Сонымен қатар 38 тәж киген шәкіртке «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Мизамовтың атынан Құран кітабы табысталды.

Одан өзге  әйел жамағатының ішіндегі шәкірт аналар өз кезегінде жастарға, жалпы жамағатқа ақ баталарын берді.

Жалпы рухани кеште 60 қыз-келіншек қатысып, ақ дастархан басында бас қосты.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі