Мемлекеттік рәміздер күніне орай шара ұйымдастырылды 6438

Мемлекеттік рәміздер күніне орай шара ұйымдастырылды

05 маусым 2026 63 Оқу 1 минут

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы таратылды.

Аталған шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, олардың маңызын насихаттау және тұрғындардың, әсіресе жастардың патриоттық рухын арттыру.

Іс-шара барысында тұрғындарға мемлекеттік рәміздерге қатысты танымдық сұрақтар қойылып, сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы сыйға тартылды.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі