«Ислам және адал қоғам» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру өтті 6437

«Ислам және адал қоғам» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру өтті

05 маусым 2026 31 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2026 жылды діни сала аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялауына орай, Ойыл ауданының Көптоғай ауылдық округінде кездесу өтті.

Ойыл аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен шарада ауданның Бас имамы Бақжарық Қызырұлы ислам дініндегі адалдық, әділдік, жауапкершілік, сенім мен адамгершілік құндылықтарының қоғамдағы орны мен маңызы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар мұсылман баласына тән көркем мінез-құлық, имандылық, сабырлылық және ізгі амалдардың рухани тәрбие берудегі рөліне тоқталды.

«Ихсан және насихат» бағыты аясында өткен кездесудің мақсаты – тұрғындар арасында дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу, рухани-ағартушылық жұмыстарды күшейту және қоғамдағы адалдық пен ізгілік қағидаларын насихаттау.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі