Мектепте «Жат ағымның жастарға әсері» тақырыбында кездесу өтті 3194

Мектепте «Жат ағымның жастарға әсері» тақырыбында кездесу өтті

04 ақпан 2024 428 Оқу 1 минут

Жылтыр ауылдық Т.Шанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің шәкірттерімен «Жат ағымның жастарға әсері» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков және Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетпісбаев «Жат ағым идеологиясынан қалай қорғануға болады» және «Жат ағымның жастарға әсері» тақырыптарына тоқталды.

Аталған кездесуге мектеп ұстаздары мен 9-11 сынып оқушылары яғни, 15 оқушы қатысып, өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.