Жастар арасында үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды 6370

Жастар арасында үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды

21 мамыр 2026 79 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды.

«Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы ынтымақтастықты арттыру» мақсатымыз деді мешіттің бас имамы Еламан Кәрім.

Сайысқа қатысқан жастар өздерінің ойын шеберлігін көрсетіп, спорттық этиканы, тәртіп пен өзара құрмет қағидаттарын жоғары деңгейде сақтады. Дода нәтижесі бойынша үздік көрсеткішке ие болған қатысушылар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Аталған іс-шара мешіт жанындағы жастармен жұмыс жүргізу бағдарламалары аясында жүзеге асырылып, олардың рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігін құрайды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі