Бас имам Жаңақоныс елді-мекеніне іс-сапармен барды 3193

Бас имам Жаңақоныс елді-мекеніне іс-сапармен барды

04 ақпан 2024 424 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков пен қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев Шалқар ауданына қарасты Жаңақоныс елді-мекеніне іс-сапармен барды.

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков Жаңақоныс елді- мекеніне жасаған арнайы іс-сапар барысында «Жаңақоныс ЖОББМ» - де "Уақытты тиімді пайдалану – игіліктің белгісі " тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында барысында уақытты тиімді пайдаланудың жолдары, бүгінгі қоғамның дерті, әлеуметтік желінің әдебі, саналы ұрпақ тәрбиелеу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу соңында мектеп оқушылары көкейде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.