ҚАЖЫЛАР ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ТОЛЫҚ ЖЕТТІ 5414

ҚАЖЫЛАР ҚАСИЕТТІ МЕКЕНГЕ ТОЛЫҚ ЖЕТТІ

30 мамыр 2025 2 Оқу 1 минут

Қазақстан қажылары толығымен қасиетті Мекке мен Мəдина қалаларына аман-есен жетті. Қажылар мінген соңғы рейс бүгін Мәдина қаласына келіп қонды.

ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітовтің айтуынша, отандастарымызды еліміздің «Air Astana», «Scat» және Сауд Арабиясының «Flynas», Кувейт мемлекетінің «Jazeera» әуекомпаниясы тасымалдап, 24-31 мамыр аралығында 22 рейс орындады. Қажылар Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Түркістан мен Ақтау қалалары арқылы қасиетті мекенге ұшып келді.

Қазіргі таңда қазақстандық қажылар толығымен қонақүйлерге орналасты. Оларға отандық 15 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде. Наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері аталған компаниялардың қызметін тексеру-қадағалау жұмыстарына кірісіп кетті.

Осы уақытта отандастарымыз кіші қажылығын өтеп, үлкен қажылыққа дайындалуда. Мүфтият бекіткен 15 имам уағыз-насихат жүргізіп, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі қажылардың сұрақтарына жауап беріп отыр.