ҚМДБ: ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО) 414

ҚМДБ: ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

11 желтоқсан 2020 149 Оқу 1 минут

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен жылдық есепке арналған кеңейтілген төралқа мәжілісі басталды. Мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыстың бас имамдары қатысуда.

Мәжілісті ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Осы жылы біздің имамдар елдегі пандемия жағдайына қарамастан діни рәсімдер мен қайырымдылық іс-шараларды ыждағатпен өткізді. Алла разы болсын! Биыл көптен күткен «Халық» арнасын аштық. Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойы аясында демеушілер көмегімен баспанаға аса мұқтаж 30 отбасыға пәтер кілтін табыстадық. 30 шәкіртке білім грантын бердік. 30 елдімекенге жол, көпір салуға ықпал еттік. Біз бұл бағыттағы жұмысымызды жыл бойы жалғастыра береміз» деп атап өтті.

Мәжілісте облыс бас имамдары шариғат және пәтуа, уағыз-насихат, діни білім және кадр даярлау, діни оңалту, қайырымдылық іс-шаралар, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, қажылық т.б. бағыттар бойынша есеп беруде.