«Nurgasyr.kz» сайты жаңа үлгіде іске қосылды 64

«Nurgasyr.kz» сайты жаңа үлгіде іске қосылды

04 қыркүйек 2020 190 Оқу 1 минут

Елдегі пандемияға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн фарматтағы жұмыстарды жандандыруды тапсырған болатын. Осыған орай, ҚМДБ-ның Ақтөбе өкілдігі облыстық орталық мешіттің «www.nurgasyr.kz» ресми сайтын жаңа дизайндық үлгіде қайта іске қосты. Ендігі кезекте, оқырмандар аталмыш діни сайттан бұрынғыдан өзгеше әрі ерекше мағлұматтар мен пайдалы әрі қызықты айдарларды көре алады.

Облыстағы мешіттермен танысып, ондағы діни қызметкерлер туралыақпарат алып, тікелей байланысу үшін «Ақтөбе мешіттері» атты айдарға кірсеңіз болғаны. Республикамызға белгілі Құранды толық жаттаған қарилар туралы мағлұматпен «Қазақстан қарилары» айдарынан танысуға болады. Республикамыздың көрнекті діни оқу орындарының бірі жайлы ақпарат іздеген жан үшін «Ақтөбе» медресе-колледжі бөлімі арнайы ашылды.

Сондай-ақ, сайтта аудио, видео уағыздар топтамасы да бар. Намаз уақыттары, кітапхана бөлімі де қарастырылған. Ақтөбе облысындағы ҚМДБ Халал сертификатын алған халал бағытта қызмет ететін мекемелер мен асханалардың тізімі, ҚМДБ қарасты Зекет қорының қызметімен де таныса аласыздар.

Баршаңызды діни мағлұматты муфтиятқа қарасты сенімді ақпарат көзінен алуға шақырамыз. Бұл бағытта «nurgasyr.kz» сайты әрқашан сіздер үшін қызмет етуге әзір.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің 

баспасөз қызметі

Басты бет




Қазақстан қарилары


Кітапхана


"Ақтөбе" медресе-колледжі


Ақтөбе облысы мешіттері


Мақалалар


Видео


Аудио


Онлайн Құран


Намаз уақыттарының кестесі (Қазақстан бойынша)


Жаңалықтар


Қажылық бөлімі


Халал даму бөлімі