«Құран жаттау – ең ұлы мәртебе: 5 жігіт қари атанды» 5294

«Құран жаттау – ең ұлы мәртебе: 5 жігіт қари атанды»

01 желтоқсан 2025 1 Оқу 1 минут

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешітіне қарасты «Асар Ата» рухани білім беру орталығында 5 Қари Қасиетті Құранды толық жаттап шықты.

Рухани шара барысында  үлкен ас беріліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мерекелік шараға жан- жақтан қонақтар келіп, ізгі лебіздерін білдірді.

Берекелі жиынға ҚМДБ РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы және «Әз-Тәукехан» медресесінің директоры Берік Арғынбекұлы қатысып, қариларға баталарын беріп, жиналған халыққа пайдалы насихаттарымен бөлісті.

Жиын соңында қарилар марапатталып, діни білім жолында қызмет еткен ұстаздарға сертификаттар табысталды.