"Нұр Ғасырда" сенбілік жалғасын тапты (ФОТО) 2196

"Нұр Ғасырда" сенбілік жалғасын тапты (ФОТО)

21 қазан 2022 138 Оқу 1 минут

Күз мезгілі келісімен жылдағы үрдіс бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі сенбілік шараларын ұдайы жүргізуде. Бүгінде осындай игі шара облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен облыстық "Нұр Ғасыр" мешітінде өтті.

Аталған тазалық жұмысы нәтижесінде мешіт ауласы түрлі қоқыстан тазартылды.

Айша (р.а.) анамыз айтты: "Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ауыл аймақтарда мешіт салынуын, олардың таза ұсталуын және хош иіспен жұпарлы болуын әмір етті", "Тазалық — иманның жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері тазалықты сақтау әрбір мұсылман баласының борышы деген қағидана ескеріп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп сенбілікті тонның ішкі бауындай бірлесе атқарды. 

Айта кетсек, ертеңде сенбілік  жалғасып, мешіт ауласында 140 түп тал  отырғызылады. 

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі