Имамдар мен жамағат футболда бас қосты 3318

Имамдар мен жамағат футболда бас қосты

27 наурыз 2024 1128 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлері мен жамағат арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын жолдастық турнирдің мақсаты – дін қызметкерлері мен мешіт жамағатының арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру, сол арқылы ел мен жерге қызмет ету. Сондай-ақ қоғамға және дін қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

Қызықты әрі тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша жүлделі I - орынды «Жәннаттағы құрдастар» командасы жеңіп алса, «Имамдар» командасы II - орын, «Сафа» командасы III - орынды еншіледі. Сондай-ақ, жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар табыс етілді.