4 Сафар
Ақтөбе: Имамдар Есет Көкіұлының  кесенесіне зиярат жасады 4510

Ақтөбе: Имамдар Есет Көкіұлының кесенесіне зиярат жасады

14 мамыр 2025 267 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен Ақтөбе қаласының имамдары мен жамағаты Есет Көкіұлының кесенесіне зиярат жасады. 

Аталған кесене ғимаратының жауапты маманы Мейрманов Сәкен тарихи орын мен мұражай туралы ақпараттармен таныстырып, қоғам үшін құндылығын түсіндіріп өтті. Одан өзге имамдарымыз батырдың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Есет батыр — қазақ халқынынң қолбасшысы. Ол Кіші жүздің тама руынан шыққан. Әбілхайырмен достық қатынаста болып, бірнеше рет әскерлеріне басшылық етті. 1979 жылы өңірлік тұрғындар ұлы батырға ақ кірпіштен құлыптас орнатты. Құлыптастың биіктігі 1,7 метр, ені 3 метр, ұзындығы 5 метр. Кесене қазіргі таңда Ақтөбе қаласынан 44 шақырым жерде Бестамақ ауылында орналасқан.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Дархан дала» жобасы аясында жүзеге асырылған арнайы сапардың негізгі мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі