Мектеп ұжымына «Ауызашар қоржыны» таратылды 1582

Мектеп ұжымына «Ауызашар қоржыны» таратылды

25 сәуір 2022 86 Оқу 1 минут

«Қабақ баба» мешітінің имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен Ақтөбе қаласы №61 мектеп ұжымына ауызашар қоржыны таратылып, «Оразға қатысты 150 сұрақ» кітабы сыйға берілді.

Сондай-ақ имам аталған мектеп директоры Майра Мұхидоллақызымен қасиетті айдың тәлім-тәрбиеге әсері туралы сұхбаттасып, алғыс хат табыс етті. Одан өзге ораза тұтқан ұстаздар қауымына дұға-тілектерінің қабыл болуын тілеп, ұрпақ тәліміндегі ерен еңбектеріне ерекше алғыс білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі