Умра қажылығына баратындарға оқыту семинары өтті 2520

Умра қажылығына баратындарға оқыту семинары өтті

27 ақпан 2023 119 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Қажылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов ақпан айында қасиетті Мекке мен Медина қалаларына Умра қажылығына баратын Ақтөбе тұрғындарына семинар өткізді.

Оқыту семинарында наиб имам Қажылық сапарына шықпастан бұрын атқарылу керек рухани және материалдық дайындықтың қалай болу керектігін түсіндірді.

Қажылық және Умраның әдептері мен мәдениетін, құлшылықтың атқарылу барысындағы шарттары мен тыйым салынған істерді, сондай-ақ дұғалар мен зиярат әдептерін үйретті.

Сонымен қатар еліміздегі қажылыққа апаратын туроператорлар мен турагенстволардың айырмашылығына тоқталып, алаяқ компанияларға алданып қалмау үшін жергілікті облыстық мешіттегі қажылық бөліміне келіп діни маманнан ақпарат алуға шақырды.

Айта кетсек, бірнеше жылдардан бері облыстық мешітте аталған оқыту семинарлары мен дәрістері тұрақты түрде жалғасын тауып келе жатыр.

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі