Көшеде мұқтаж адамды көрсем... 188

Көшеде мұқтаж адамды көрсем...

30 қыркүйек 2020 420 Оқу 1 минут

-Жұмыртқа қаншадан?

-Он теңгеден.

-Он бес жұмыртқаны 100 теңгеге бер. Әйтпесе алмаймын.

-Жарайды, алыңыз. Бүгінге әлі сауда жүрмей тұр.

Он бес жұмыртқаны 100 теңгеге алып, 50 теңге олжалаған әйел сәтті сауда жасадым деп өзін жеңімпаздай сезінді. Қарт саудагер: Алла берекетін берсін, - деп қала берді.

Кешкі уақыт. Жұмыртқа алған әйел су жаңа көлігімен дәмхана алдына келіп тоқтады. Құрбысымен бірге кешкі ас ішпек. Екеуі құс сүтінен басқа барлық тамаққа тапсырыс берді. Дастарқанда балық та, құс еті де бар. Еуропалық дастарқан этикасы деп тамақты тек түртіп қана қойды. Есептесуге шақырып еді барлығы он бес мың теңге болыпты. Жиырма мың теңге ұсынып, қалғаны қажет емес, - деп әйел «жомарттық» танытты.

Кафе қожайыны үшін бес мың теңге дүние емес. Ол бес мыңға бір шыны аяқ кофе ішуі мүмкін. Бірақ, жұмыртқа сатып күнелткен қарияға елу теңге тәп-тәуір ақша. Бір күндік нанын сатып алады. Біз қызықпыз. Ылғи кедей мен әлсіздерге күш көрсетеміз. Ал, біздің ақшамызды қажет етпейтін бай-дәулетті адамдарға мейлінше жомарттық танытқымыз келеді.

Көшеде мұқтаж адамды көрсем бір бай кісінің әңгімесі есіме түседі. Бала күнімде, - деп әңгімесін бастады әлгі бай кісі. Әкем үнемі кедейлерден көкөніс, жұмыртқа, нан сатып алатын. Мұның барлығына өте көп ақша беретін. Әрине, қайтымын ешуақытта сұрамайтын. Біз бұл азық-түлікті қажет етпейтінбіз. Әкемнің мұнысын мен жақтырмаймын. Өйткені, мен ақша сұрасам: Неге? Қанша?, - дейтін әкем кедейлерге осыншама жомарттық жасайтыны ұнамайтын. Бір күні ақыры ішім жарылды: Мұныңыз не? Адамды ұялтып. Не қажеті бар, осынша көкөністің?, - дедім.

Әкем: Балам, бұл құрметпен қапталған садақа. Кедейлер намысқой келеді. Олар ешуақытта қол жайып қайыршылық етпейді. Барға қанағат етеді. Маңдай термен тапқан нанды жақсы көреді. Сондықтан, олардың өсірген көкөнісін, пісірген нанын алу мен үшін оларға көмектесудің үлкен бір мүмкіндігі, - деді. Көше бойынша төрт-бес тауығының жұмыртқасын немесе үйіндегі жалғыз түп алмасын теріп сатып тұрған адам құрметке лайық. Мүмкін болса, оның тауарын сатып алыңыз, жылы лезібіңізді айтып алғыс білдіріңіз. Өйткені, олар адал еңбек етуде.


«Нұр Ғасыр» мешіті