«Ислам және қазақ зиялылары» атты білім сайысы өтті 3239

«Ислам және қазақ зиялылары» атты білім сайысы өтті

01 наурыз 2024 442 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында «Ислам және қазақ зиялылары» тақырыбында интеллектуалды білім сайысы өтті.

Игі-шара «Матай Қоқанұлы» мешітінде өтіп, аудандық мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдин қатысушыларға жарыс ережесін түсіндіріп, сәттілік тіледі.

Интеллектуалды білім сайысына Шалқар ауданына қарасты мектептердердің оқушыларынан құралған 5 топ қатысып, Қазақстан тарихы, ислам тарихы, салт – дәстүр мен әдебиетке негізделген тақырыптардан тұратын 5 кезең бойынша бақ сынасты.

Айта кетейік, қызықты әрі тартысты өткен білім додасында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы Ерлан Наурызбаев пен «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев төрелік етті.

Қызу да тартысты өткен додада әділ-қазылар шешімімен жүлделі 1- орынды «Талап» тобы (№3 жалпы орта білім беретін мектебі) жеңіп алды. Ал, 2-орынды «Алаш» тобы (№ 2 мектеп-гимназиясы), 3 – орынды «Рух» тобы (№6 жалпы орта білім беретін мектебі) иеленді. Сондай-ақ, «Жалын» тобы (№4 жалпы орта білім беретін мектебі) мен «Ғалымдар» тобы (№5 мектеп-лицейі) арнайы алғыс хаттармен марапатталып, қатысушыларға арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі