«Құрбандық пәтуалары» атты семинар өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде облыс бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Амановтың ұйымдастыруымен Құрбан айтқа орай қала, аудан имамдарына арналған «Құрбандық пәтуалары» атты семинар өтті.
Семинар барысында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан шығарылған құрбандыққа қатысты арнайы пәтуалар жинағы таныстырылды.
Сонымен қатар пәтуа мәселелері бірізділікте болуы үшін осы кітапшаны басшылыққа алу насихатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































