«Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы!» балаларға шара өтті
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде Мәуліт айының аясында шаралар жалғасын тапты.
Балаларға «Ислам және отбасы құндылығы» жылын насихаттау мақсатында «Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы!» іс-шара ұйымдастырылды.
Мешіт ұстазы Алдияр Алуадинов игі шараның маңыздылығына тоқталып, отбасы құндылығы туралы насихат айтты.
Шара барысында «Мұхаммед (с.ғ.с.) — соңғы пайғамбар» атты мультфильм көрсетілді. Одан өзге балалар арасында зияткерлік ойындар өтіп, үздік қатысушыларға сыйлық үлестірілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































