Ақтөбе: Бас имам Токио олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевты жеңісімен құттықтады 737

Ақтөбе: Бас имам Токио олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевты жеңісімен құттықтады

17 тамыз 2021 205 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Х республикалық Құран жарысының іріктеу сайысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Токиода өткен ХХХІІ жазғы олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевты жеңісімен құттықтап, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі атынан сыйлық тарту етті. 

Бас имам Х республикалық Құран жарысының іріктеу жарысына қатысушыларға «Нұрислам – Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ұнатқан спорт түрінің бірі – күресті жаныңызға серік еткен, ұлтын сүйген балуан. Қазақ елінің абыройын асқақтатып, мерейін өсіріп, қуанышқа бөлеген сәті – тарих төрінде алтын әріппен жазылып, өскелең ұрпаққа үлгі болады. Нұрисламның жеңісі – қазақтың жеңісі!» - деп ақ тілегін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар олимпиада чемпионы Нұрислам Санаев «Отанды сүю – иманнан» дей келе, жылы лебізін білдіріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі