«Ислам және отбасы:  Бақытқа бастар жол» атты семинар ұйымдастырылды 4139

«Ислам және отбасы: Бақытқа бастар жол» атты семинар ұйымдастырылды

05 ақпан 2025 45 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Ислам және отбасы: Бақытқа бастар жол» атты әйел жамағатына семинар өтті.

Семинар барысында ұстаздар «Хадисте келген отбасы бақытының 5 құпиясы», «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әже тәрбиесі — тәрбие мектебі», «Қыз бала — болашақ ана» тақырыптарына жіті тоқталып, талдап өтті.

Ақтөбе облысындағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Кушкарова семинардың маңыздылығына тоқталып, «Ислам және отбасы құндылығы» жылының мақсат-міндеттерін баяндады. Сонымен қатар хадисте келген отбасы бақыт құпияларымен бөлісті.

РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» тақырыбында баяндап, қазақтың таным түсінігі, дәстүр мен шариғат аясында отбасы құндылығына байланысты тың деректер ұсынды. Отбасының ойран болу жолдарында атады. Құндылықтар ауысқандығы туралы статистика аясында тілге тиек етті.

Ал облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары Айнұр Мырзабаева «Әже тәрбиесі — тәрбие мектебі» тақырыбында бүгінгі қоғамдағы әже мектебінің маңыздылығына шолу жасап, әже институтын қалыптастыру жөнінде айтса, Ақмарал Сансызбай «Қыз бала — болашақ ана» тақырыбында отбасы болуға дайындық, қызғалдақ дәуреннен ана даңғыл жолын өрбітті.

Семинар қортындысында қатысушылар тақырып аясында сауалдарын қойып, ұстаздардан толыққанды тұщымды жауап алды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі