Әйелдер аралық «Білімді мыңды жығады» атты білім сайысы өтті 6314

Әйелдер аралық «Білімді мыңды жығады» атты білім сайысы өтті

26 сәуір 2026 11 Оқу 1 минут

2026 жылғы 23 сәуір күні Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Айзат Қобланқызы әліппе тобының шәкірттері арасында «Білімді мыңды жығады» атты білім сайысын ұйымдастырды.

Шәкірттердің алған білімін пысықтау және ынталандыру мақсатында өткен сайыс барысында мешіт жамағаты Құран әліппесі және діни сауат ашу бойынша сұрақтарға жауап беріп, жоғары дайындық деңгейлерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген 5 шәкіртке Ақтөбе қалалық орталық мешітінің атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан барлық шәкіртке ынталандыру сыйлығы ретінде рухани-танымдық кітаптар таратылды.

Мешіт ұстазы Айзат Қобланқызы шәкірттерге алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ілім жолында табандылық танытуға шақырды.