20 Шәууәл
Исламдағы уақып жұмысы насихатталды 4415

Исламдағы уақып жұмысы насихатталды

10 сәуір 2025 452 Оқу 1 минут

Ақтөбе мешіттерінде исламдағы уақып жұмысы насихатталды. Дінімізде қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып деп танылады. Ал уақыптың шариғаттағы мағынасы белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану деген сөз. ҚМДБ Ақтөбе облысына қарасты облыстық, қалалық және аудандық, ауылдық мешіттерге жиналған жамағатқа жұма күні имамдар «Уақып – сарқылмас қазына» атты тақырыпта уағыз-насихат өткізді. Сонымен қатар ҚМДБ «Уақып қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов «Уақып» қорының жұмысымен таныстырып, дініміздегі уақып жасаудың сауабы мен артықшылықтарын баяндады. Сондай-ақ уақып туралы кеңінен ақпарат жазылған қағаздарды жамағатқа таратты.