Құран Хатым сайысында үш Умра жолдамасы табысталды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен жамағатқа ауқымды көлемде онлайн форматта Құран хатым сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың басты мақсаты-қасиетті Рамазан айында Алланың кәламын көбірек оқылуын насихаттап, Құран Кәрімнің құндылығын тереңінен дәріптеу.
Республика көлемінде ерекше сайыс жамағат арасында биыл екінші рет өткізілуде. Ер және әйел адамдарға арнайы бөлек топтар ұйымдастырылған жарысқа жалпы саны 109 адам қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша бір айда 265 хатым оқылса, оның 124-ін әйел жамағаты, 141-ін ер адамдар тобы жасады.
Сайыстың басты шарты-Рамазан бойы Құранды басынан аяғына дейін толық , тәжуид ережелеріне сай оқып шығу.
Іс-шара қортындысы бойынша 3 кіші қажылық, 600мың ақшалай сыйлық және 8 адамға ынталандыру сыйлығы ретінде Құран Кәрім кітабы берілді.
Рамазан айы- Құран түскен себепті қадірлі ай мәртебесіне ие болса, барша мұсылмандарға бұл айда ең негізгі атқаратын амал Құран оқу. Сол себепті көпшіліктің қасиетті кітапқа деген ынта-ықыласын артырып, сүйіспеншілігін одан әрі көтеру шара барысында назарға алынған еді. Қатысушы жамағаттың Құранға дегенге құлшысынан сайыстың басты ниеті орындалғаны аңғарылды.
Осындай Алланың кәламын ұлықтап, насихаттайтын берекелі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға ерекше алғыс білдіріп, еңбектеріне береке тілейміз!