Ақтөбе: «Ихсан тілде емес – ділде, сөзде емес – іс-әрекетте» атты  семинар өтті 2930

Ақтөбе: «Ихсан тілде емес – ділде, сөзде емес – іс-әрекетте» атты семинар өтті

18 қыркүйек 2023 168 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйымдастыруымен «Ихсан тілде емес – ділде, сөзде емес – іс-әрекетте» атты қала имамдарына арналған семинар өтті. 

Аталған семинарға Ақтөбе қаласының барлық мешіттерінің бас және наиб имамдары және РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы қатысып, имамдардың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі туралы тоқталды.

Одан өзге алған білімнің ақысын берудің маңыздылығы мен ихсан мәселесі де сөз етіліп: «Ихсан дегеніміз – тек тілмен ғана айтылып қоятын мәселе емес, оның әсері шынайы амалға асырғанда ғана көрініс табатындығын ұмытпауымыз керек»-деп атап өтті.

Шара соңында РАНТ мүшесі қойылған сұрақтарға жауап беріп, маңызды сауалдарды тереңінен талдады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітініің баспасөз қызметі