Ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды 6563

Ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды

20 шілде 2026 64 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында мешіт жамағаты арасында садақ ату және ләңгі тебуден сайыс өтті.

Сайыс барысында қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен бақ сынап, өзара ептілік пен мергендіктерін көрсетті. Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар арасында достық пен ауызбіршілік нығая түсті.

Жарыстың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жамағат арасындағы бауырмалдық пен ынтымақты арттыру.

Шара қорытындысы бойынша екі сайыс түрінен де ең жоғары ұпай жинаған Айдос Китманбетов І орынды (20 000 теңге) жеңіп алса, ІІ орынды Сағадат Кенжебаев (15 000 теңге), ал ІІІ орынды Данияр Мырзабеков (10 000 теңге) иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі